Головкин - «Канело» үшінші жекпе-жегінің ақырғы мерзімі айтылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ESPN журналисі Майк Коппингер Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен Сауль «Канело» Альварес (56-1-2, 38 КО) арасындағы үшінші жекпе-жектің 2022 жылы өтетініне сенімді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бізге «Канело» мен GGG трилогиясын көру керек. Головкин сәуірде 40-қа толады, бірақ олар біз үшін екі эпикалық айқас өткізді. Ендеше мұны келесі жылы жабайық», - деп жазды Коппингер әлеуметтік желіде.

Головкин мен «Канело» алғашқы жекпе-жегі 2017 жылы тең аяқталды. Бір жылдан кейін боксшылар қарымта кездесуінде бақ таластырды. Бұл жолы төрешілер көпшілік дауыспен жеңісті «Канелоға» берді.


Соңғы жаңалықтар