Головкин-«Канело»: Төрешілерді таңдаудың егжей-тегжейі белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Badlefthook.com сайты Геннадий Головкин мен Сауль Альварес рематчына төрешілер мен рефериді таңдауға қатысты қызықты деректермен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

Алдағы жекпе-жекте Гленн Фельдман, Дэйв Моретти және Стив Вайсфельд сынды төрешілер мен рефери ретінде Бенджи Эстевес жұмыс жасайды. Ең қызығы, Рефериге үміткерлікке басқа адам қарастырылған. Головкиннің промоутері Том Леффлер рингте Роберт Бердтің жұмыс жасағанын қалаған. Ол алғашқы жекпе-жекте төрешілік етіп, «Канелоның» пайдасына қарай 118-110 етіп, шу көтерген Аделаида Бердтің жұбайы. Алайда комиссия алда қайтадан талас туындамауы үшін бұл идеядан бас тартуға шешім қабылдап, Эставес рефери болып тағайындалды.

Головкин-«Канело» қарымта кездесуі 15 қыркүйек күні Лас-Вегасте өтетін болады. Пари-Матч букмерелік компаниясы айқасқа қатысты мынадай коэффициенттер шығарып отыр: Головкиннің жеңісі -1.53, Альварестің жеңісі - 2.53, тең түссе - 25.

Соңғы жаңалықтар