Головкин-Канело реваншының алғашқы ресми промо-ролигі шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы WBС, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта самақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинмен реваншқа арналған алғашқы ресми роликті шығарды. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісінде «Қазақстанның кәсіби боксы» парақшасында жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеода боксшылардың бірінші жекпе-жегіндегі сәттер, сондай-ақ баспасөз мәслихатындағы сөйлеген сөздерінің үзінділері қамтылған.

«Біз, жасауымыз тиіс дүниені істедік», - деді Альварес роликте.

Қазақстан және Месика боксшыларының екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. Былтыр 16 қыркүйекте T-Mobile аренасында өткен бірінші айқас тең нәтижемен аяқталған болатын. Егер Альвареспен жекпе-жек өтпеген жағдайда, Головкин WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы британдық Билли Джо Сондерспен рингте кездесуі мүмкін еді.

 

 

Соңғы жаңалықтар