Головкин-«Канело» реваншы: Алғашқы салмақ өлшеу рәсімі белгіленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің алғашқы салмақ өлшеу рәсімі 15 тамызға белгіленді. Бұл туралы WBC президенті Маурисио Сулейман Twitter-де хабарлады, деп жазады Sports.kz.

Кеңестің ережесі бойынша, жекпе-жекке 30 күн қалғанда орта салмақ категориясындағы лимит - 176 фунтты құрайды (79,8 келі), ал бір апта қалғанда 168 фунт (76,2 келі) болуы керек. Соған қарамастан, бірінші айқастың алдында міндетті салмақ өлшеу процедурасынан тек Геннадий өткен еді. Себебі «Канело» WBC чемпиондық белбеуіне таласпайтынын мәлімдеді.  

Боксшылардың қарымта айқасы 15 қыркүйекте Лас-Вегаста T-Mobile аренада өтеді.

Соңғы жаңалықтар