Головкин - «Канело» айқасына қанша жанкүйер барады - Лас-Вегас

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік ойын-сауық және ойын бизнесінің астанасы Лас-Вегас осы жылдың басты спорттық оқиғаларының бірі - Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің екінші жекпе-жегін қабылдауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

ESPN Deportes хабарлағандай, қалаға шамамен өткен жылғы айқастағыдай туристер келеді деп есептелуде. Деректерге сәйкес, 2017 жылы Лас-Вегаста Мексиканың тәуелсіздік күніне орай демалыс күндері қонақүйлердің 98,7%-ы, 149 мың нөмір толып қалған. GGG мен «Канело» екінші айқасына қалаға 65 мың қонақ келеді деп жоспарлануда.

Осы аптада Лас-Вегаста алдағы шоуға байланысты бірқатар ресми іс-шаралар өтеді: боксшылардың келуі, баспасөз мәслихаты және жаттығудың ашылуы, сондай-ақ салмақ өлшеу рәсімі. Бокс кеші 15 қыркүйекте T-Mobile Arena-да өтеді.

Қазақстандық көрермендер 16 қыркүйек күні таңғы сағат 6-да тікелей эфирден тамашалайтын болады. Оны «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналары көрсетеді. Басты жекпе-жек 08:00-ден 08:30 аралығына жоспарланған. 

Соңғы жаңалықтар