Головкин-«Канело» айқасы жылдың үздік жекпе-жегі болуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокс туралы жазатын Америка журналистер қауымдастығы (BWAA) 2018 жылдың қорытындысы бойынша «Жыл боксшысы», «Жыл айқасы», «Жыл бапкері» және «Жыл менеджері» құрметті атақтарына үміткерлердің тізімін жариялады. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

Жыл боксшысы атағына бірінші ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Александр Усик, жеңіл салмақтағы WBA және WBO чемпионы Василий Ломаченко, жеңіл салмақтағы WBC чемпионы Майки Гарсия,  жартылай орта салмақтағы WBO чемпионы Теренс Кроуфорд, сондай-ақ бірінші жартылай орта салмақтағы WBO чемпионы Морис Хукер үміткер болуда.

Деонтей Уайлдер мен Луис Ортис,  Джарретт Херд пен Эрисланди Лара,  Василия Ломаченко мен Хорхе Линарес, Алекс Соседо мен Ленни Заппавинья, сондай-ақ  Сауль Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жектер жылдың үздік айқасы бола алады.  

Жыл бапкері атағына Анатолий Ломаченко, Джей Диз, Роберт Гарсия мен Деррик Джеймс үміткерлік етуде.

«Жыл менеджері» атағына үміткерлер ішінде осы атақты 2016 және 2017 жылдары иеленген Эгис Климас, Кит Коннолли, Чепо Рейносо мен Сэм Катковски бар. 

Соңғы жаңалықтар