Головкин IBF белдігінен айырылып қалуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс федерациясының (IBF) кеңсесі Спрингфилде (АҚШ, Нью-Джерси штаты) Геннадий Головкиннің әлем чемпионы белдігін Сергей Деревянченкомен жұдырықтасып, қорғап қалу қажеттігіне қатысты тыңдаулар өтіп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

ESPN телеарнасының тілшісі Дэн Рафаэльдің айтуынша, осы басқосуда екі тарап та өздерінің пікірлерін білдіреді. Ал жақын күндерді IBF ұйымы GGG-дің Сергей Деревянченкомен кездесуі керек пе, әлде белдікті босатуы керек па деген мәселеге байланысты қаулы қабылдадайы.

Осыған дейін IBF Головкиннің Деревянченкомен міндетті түрде кездесу өткізу қажеттігі, оны 3 тамыздан кешіктірмеу керектігі айтылды. Өйткені оның белдігінен ажырап қалу қауіпі бар.

Геннадий Головкиннің промоутері Лом Леффлер ұйымның ойын өзгертіп, міндетті түрде қорғауды кейінге қалдыруды қалап отыр. Өйткені GGG-дің командасы қыркүйекте Головкин мен мексикалық Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО). қарсы шығуы ықтимал

Соңғы жаңалықтар