Головкин FOX телеарнасының қателігіне орай түсініктеме берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) америкалық Дэниэл Джейкобпен (32-1, 29 КО) айқасының алдындағы ашық жаттығуы кезінде тілшілердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Sports.kz .

UCNLive.com журналисі Стив Ким Головкиннен FOX телеарнасында көрсетілген кестеде жіберілген қателік туралы сұрады.

Еске сала кетсек, эфирде берілген титрда Головкиннің бапкері Абель Санчес емес, Андре Уордтың жаттықтырушысы Вирджил Хантер деп берілген. Ол қазір Джейкобске алдағы жекпе жекке әзірленуге көмектесуде.

Біреулер мұны  қателік деп мән бермесе, Ким Головкин мен Санчестің қарым-қатынасы шынымен де тоқтауы ықтимал деп санайды.

«Құдайым-ай, бұл жай ғана есуастық қой! [күлкі]» - деп жауап берген Головкин. Туиттерде Ким осылай жазды. 

Соңғы жаңалықтар