Валюта бағамдары:
    usd/kzt 465.95 eur/kzt 485.43

    rub/kzt 7.72 cny/kzt 65.28
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: +2+4℃
  Jańalyqtar  >

Головкин ең үздік боксшылар рейтингінде Мұхаммед Әлиді басып озды

2021 жылғы 16 мамыр, 20:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Boxrec.com салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) ең үздік боксшылардың тізімін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Америкалық Флойд Мейвезер бокс тарихындағы ең үздігі деп танылды. Екінші орынды Эззард Чарльз, үшінші орынды Мэнни Пакьяо иеленді. Ал Арчи Мур, Рэй Робинсон, Джо Калзаге, Хуан Мануэль Маркес, Бернард Хопкинс, Андре Уорд және Владимир Кличко ТОП-10 қатарына енді.

Қазақстандық чемпион Геннадий Головкин қазір 13-орында тұр. Ол Мұхаммед Әли, Оскар де ла Хойя және Рой Джонс сияқты аты аңызға айналған боксшыларды басып озды.

Айта кетсек, 39 жастағы Головкин IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары