Головкин екі жекпе-жек үшін 45 млн доллар алуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Журналист Майк Коппинджер (Ring TV, FOX Sports, LA Times) Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) DAZN онлайн-стриммингі ұсынған мәміленің шарттарына келісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

Головкин телеплатформамен бұрын келісімшартқа отырған Эдди Хирнмен де (Matchroom Boxing), Оскар Де Ла Хойямен де (Golden Boy Promotions) әріптес болмайды. Мәміленің шарттарына сәйкес, телеарна Головкинге компания акцияларын беріп, нақты белгіленген жекпе-жек күндерін айтуы тиіс.

Боксшы осы стриммингте кем дегенде үш, ең арысы алты жекпе-жек өткізу міндетін алып отыр. Ол көктемнің соңы немесе жаз айларының басында рингке оралып, шамамен 15 миллион доллар алады. Ал 2019 жылдың қыркүйек айында WBC/WBA Super белбеулерінің иесі мексикалық Сауль Альвареспен (51-1-2, 35 КО) болатын жекпе-жекте Головкинге тағы 30 миллион доллар шамасында қаражат төленеді.

Соңғы жаңалықтар