Головкин Джейкобсты өзінің ең мықты қарсыласы деп атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы WBA/WBC/IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық журналистермен кездесу барысында 18 наурызда Дэниэл Джейкобспен өтетін айқасқа өзінің көзқарасын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бұл  - біз үшін керемет айқас. Дэниэл - менің мықты қарсыласым. Бұл тамаша жекпе-жек. Әрине, желтоқсанда үшінші айқасты өткізгім келген, алайды наурызға дейін күтуге тура келеді. Бір жағынан, бұл - дұрыс шешім, себебі дайындалатын уақытым көп болмақ. Бастапқыда Джейкобспен айқасқым келеді, келесі жекпе-жектер көп болады деп ойлаймын. Қазіргі таңда Дэниэлмен өтетін жекпе-жек мен үшін өте маңызды, себебі ол тек бизнестегі емес, спорттағы да мықты қарсыласым деп есептеймін. Қандай әрекет жасаймын? Әзірге білмеймін, әр айқас түрліше өтеді», - деп айтты Головкин. 

Соңғы жаңалықтар