+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Головкин-Джейкобс жекпе-жегін қазақстандықтар тікелей эфирден көре алады

2017 жылғы 9 наурыз 18:50
Бөлісіңіз:
Головкин-Джейкобс жекпе-жегін қазақстандықтар тікелей эфирден көре алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 наурызда Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» кешенінде WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы, америкалық боксшы Дэниел Джейкобс (32-1, 29 КО) арасында жекпе-жек өтеді.

Отандасымыздың бұл жекпе-жегін «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция сағат 08:00-де басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бокстағы карьерасында бірде-бір жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин шаршы алаңда 36 жекпе-жек өткізіп, оның 33-ін нокаутпен аяқтаған. Жерлесіміз 2014 жылдың маусымынан бастап WBA нұсқасы бойынша суперчемпион, 2011 жылдан бастап IBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы, 2015 жылдан бастап IBF нұсқасы бойынша Әлем чемпионы титулдарына ие. Былтыр Сауль «Канело» Альварес онымен жекпе-жек өткізуден бас тартқаннан кейін Головкин WBC нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атанған еді.

Қарсыласы Дэниел Джейкобс - орта салмақ дәрежесіндегі WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы (2014 жылдан бастап) және NABF нұсқасы бойынша Солтүстік Америка чемпионы (2010). Кәсіби рингте 33 жекпе-жек өткізіп, тек бір рет қана жеңілістің ащы дәмін татып көрген. Америкалық боксшыны ресейлік Дмитрий Пирог нокаутқа жіберген болатын.

19 наурызда көрсетілетін жекпе-жек Геннадий Головкиннің WBA (Super) нұсқасы бойынша суперчемпион титулын 17-ші рет қорғауы болмақ. Қазіргі уақытта боксшылар бірнеше айға созылған дайындықтарын пысықтап, жекпе-жекті күтуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT