Головкин-Джейкобс кездесуіне билеттер қарқынмен сатылуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) промоутері Том Лёффлер америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) өтетін кездесуге билеттердің сатылу қарқынына таңданысын білдірді.

Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz-қа сілтеме жасап хабарлады.

Boxingscene.com сайтының жазуынша,

«Головкин-Джейкобс кездесуіне билеттердің алдын ала сатылымының алғашқы күндері рождестволық демалыстарға түскеніне қарамастан олардың  қарқынына көңіліміз толады.  2015 жылы Головкин Madison Square Garden-де аншлаг жасаған еді, биылғы көрсеткіш одан да асып түсетін секілді. Мұның бәрі бруклиндік Дэнни Джейкобсқа халықтың қызығушылық танытуынан деп ойлаймын. «Бокс Меккесінде» болатын екі үздік орта салмақтың айқасын тағатсыздана күтудеміз», - деді Лёффлер.

Головкин - Джейкобс кездесуі 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. 

Соңғы жаңалықтар