Головкин - Джейкобс айқасы алдындағы салмақ өлшеу рәсімі таңертең ерте өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің  (36-0, 33 КО)  Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) айқасы алдындағы салмақ өлшеу рәсімінің уақыты белгілі болды, деп хабарлады Sports.kz.

UCNLive.com журналисі Стив Ким твиттерде Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында салмақ өлшеу рәсімі, жұма, 17 наурызда, жергілікті уақыт бойынша 09:00-де (Астана бойынша 20:00-де) басталады. Рәсімнің ерте өтуі сол күні кешке MSG-та Майкл Конланның қатысуымен тағы бір бокс кеші өтетініне байланысты, сондай-ақ уик-эндте NCAA лигасының баскетбол ойыны жоспарланған.

  Головкин - Джейкобс  айқасы 18 наурызда өтеді.  

Соңғы жаңалықтар