Головкин Деревянченкомен айқасқа қалай дайындалып жатқанын көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой бокшсы Геннадий Головкиннің украиналық Сергей Деревянченкомен кездесуі алдындағы жаттығуының видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

GGG спортзалдағы жаттығуын Twitter-парақшасында жариялады. Видеоға боксшы «23 күн» деген жазба қалдырды.

Еске сала кетсек, Головкин-Деревянченко жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йорктегі (АҚШ) «Madison Square Garden» аренасында өтеді. Боксшылар IBF нұсқасы бойынша бос тұрған орта салмақтағы әлем чемпионы титулына таласатын болады. Ол бұған дейін мексикалық боксшы Сауль Альвареске тиесілі болған еді. Сондай-ақ өткен жылы IBF белбеуі Головкиннің өзіне де тиесілі болған, алайда боксшы Деревянченкоға қарсы міндетті айқастан бас тартқаны үшін титулдан айырылып қалды.

Қос қарсылас бұған дейін алғаш рет бетпе-бет кездесіп, көз арбасқан еді.







Соңғы жаңалықтар