Головкин Деревянченкомен айқас туралы мәлімдеме жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен болатын алдағы титулдық айқасы мен мұның алдындағы жекпе-жектерінің арасында үлкен айырмашылық жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Менің барлық айқастарым – өткен жекпе-жектер, осы айқас – бір деңгейде. Қарсыласты бағаламауға болмайды. Барлық айқасқа соңғы жекпе-жек ретінде қарау керек. Бұл сенің мінез-құлқыңнан хабар береді. Мен ешқашан қарсыласымды бағаламаған емеспін», - деді Головкин.

Геннадий Головкиннің Сергей Деревянченкомен айқасы 6 қазан күні таңертең Нью-Йоркте (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтеді. Боксшылар IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуіне таласады.

Соңғы жаңалықтар