Головкин-Деревянченко айқасының андеркартындағы жұптардың толық тізімі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 қазанда Нью-Йоркте өтетін Головкин-Деревянченко айқасының андеркартындағы жекпе-жектердің толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан кәсіпқой боксы» ВКонтакте парақшасында жоғарыда аталған айқастардың толық тізімі жарияланды. Олар:

Иван Баранчик (19-1, 12КО) — Габриэль Брасеро (25-3-1, 6КО);

Чарльз Конуэлл (10-0, 7КО) — Патрик Дэй (17-3-1, 6КО);

Исраил Мадримов (3-0, 3КО) — Алехандро Баррера (29-5, 18КО);

Әли Ахмедов (15-0, 11КО) — Эндрю Эрнандес (20-7-2, 9КО);

Брайан Себальо (10-0, 5КО) — Хавьер Альбоника (14-2, 12КО);

Никита Абабий (6-0, 5КО) — Исайя Селдон (13-2-1, 4КО);

Джо Уорд (дебют) — Марко Дельгадо (5-1, 4КО);

Джонатан Арройо (3-0-1, 1КО) — Джонатан Фигероа (2-2, 1КО).

Еске сала кетсек, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35КО) мен украиналық Сергей Деревянченконың (13-1, 10КО) жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йорктегі (АҚШ) «Madison Square Garden» аренасында өтеді. Боксшылар IBF нұсқасы бойынша бос тұрған орта салмақтағы әлем чемпионы титулына таласатыны бұған дейін хабарланған еді. Көп өтпей аталмыш айқаста одан бөлек IBO вакантты титулы сарапқа салынатыны мәлім болды. Қос қарсылас бұған дейін алғаш рет бетпе-бет кездесіп, көз арбасты.

Аталмыш кеш аясында қазақстандық Әли Ахмедов жекпе-жек өткізетіні тамыз айының соңында ресми мәлім етілген еді. Ахмедов Г.Головкин құрған GGG Promotions компаниясының боксшысы. Ол бұған дейінгі айқасын да «Madison Square Garden»-де Геннадийдің бокс кешінің аясында өткізген болатын. Қазақстан өкілі америкалық Маркус МакДэниэлді нокаутқа түсіріп, екінші орта салмақтағы WBC International Silver титулын иеленді.


Соңғы жаңалықтар