Головкин-Деревянченко айқасында тағы бір титул сарапқа салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35КО) мен украиналық Сергей Деревянченконың (13-1, 10КО) кездесуінде әлем чемпионының тағы бір белдігі сарапқа салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Боксшылар IBF нұсқасы бойынша бос тұрған орта салмақтағы әлем чемпионы титулына таласатыны бұған дейін хабарланған еді. ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстан кәсіпқой боксы» парақшасындағы мәліметке сәйкес, аталмыш айқаста одан бөлек IBO вакантты титулы сарапқа салынады. Бұл туралы Халықаралық бокс ұйымы өзінің ресми сайтында жария еткен.
«Орташа салмақта IBO титулының иегері дәл осы Геннадий Головкин болатын. Ол титул 2011 жылдан 2018 жылға дейін GGG-де тиесілі еді. Сондай-ақ, қазақстандық боксшы 2010 жылдан 2018 жылға дейін WBA чемпионы, 2016-2018 жылдары аралығында WBC чемпионы болды», - делінген хабарламада.
IBO титулы кәсіпқой бокстағы мәртебесі бойынша бесінші титул саналады. Мәселен, әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін тек WBC, WBA (Super), WBO және IBF белдіктеріне ие болу керек.
Еске сала кетсек, Головкин-Деревянченко жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йорктегі (АҚШ) «Madison Square Garden» аренасында өтеді. Боксшылар екі титул үшін таласады.
Қос қарсылас бұған дейін алғаш рет бетпе-бет кездесіп, көз арбасқан еді.
- Хоккей: «Барыс» «Витязь» клубынан басым түсті
- Олимпиадалық іріктеу: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
- Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
- Олимпиадаға іріктеу: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Нидерландыдан жеңілді
-
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегін қайдан көруге болады
-
Жаңқош Тұраров тәжірибелі британдық боксшымен жекпе-жек өткізеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам