Головкин Денис Тен туралы: Сен мәңгі біздің есіміздесің

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), WBC және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Головкин өзінің инстграм парақшасында Дениспен бірге түскен суретін жариялап қысқа ғана: «Сен мәңгі біздің есіміздесің... » ,-деп жазды.

Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыда Қазақстанға танымал спортшылардың бірі Денис Тен жамбасынан пышақтан жарақат алды. Дәрігерлер қаншама арпалысқанымен оның өмірін аман алып қала алмады. Денис Теннің қазасы бүкіл Қазақстанді дүрліктірген қайғылы оқиға болды. Елбасы танымал спортшының отбасына көңіл айтты.

Соңғы жаңалықтар