Головкин Деметриус Андрадпен айқаспайды- жаттықтырушы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес америкалық Деметриус Андрадеге (26-0, 16 КО) қарсы өтуі мүмкін жекпе-жек туралы пікірін айтты деп хабарлайды Sports.kz.

«Андраденің соңғы жекпе-жегіне қарап, оған ешкім қызыға қоймас деп ойлаймын. Ол өте дарынды жігіт, оның әлемге өзін мықтап танытатындай мүмкіндігі де болды. Бірақ ол жеңіске жеттім - біттінің тірлігін істеді. Сол жекпе-жегі үшін оған біраз жұрт наразы болды», - дейді Санчес.

Еске сала кетейік, Андраде намибиялық Уолтер Каутондокваны (17-1, 16 КО) жеңіп, орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар