Головкин Бүкіләлемдік бокс суперсериясында өнер көрсетуге шақырту алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс суперсериясында өнер көрсетуге ресми шақырту алды. Бүкіләлемдік бокс суперсериясын (WBSS) ұйымдастырушылар – ағайынды Калле мен Ниссе Зауэрландтар турнирдің үшінші маусымына қатысты жоспарларын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Промоутерлер бірден бірнеше салмақ дәрежесіндегі жарыстарды ұйымдастыруды қарастырады: ауыр, бірінші ауыр, орта, жеңіл/екінші жеңіл және екінші жартылай жеңіл салмақтағы әйелдер арасында. Орта салмаққа келетін болсақ, Зауэрландтар орта салмақтағы қатысушы ретінде IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкинді атады.

«Орта салмақтағы боксшыларыңызды атаңыздар: Геннадий Головкин, Крис Юбэнк, Риота Мурата және...», – деп жазды Sauerland Bros Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, WBSS үшінші маусымына қатысушылардың салмақ санаты мен құрамын жанкүйерлерге Twitter және электрондық пошта арқылы анықтауды ұсынды. Олар қалаған салмақ дивизионын және боксшылардың аттарын жаза отырып, ұйымдастырушыларға хабарласа алады.


Соңғы жаңалықтар