Головкин болмағанда боксқа қайтып келмейтін едім - Пакьяо

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемге «Пакмэн» лақап атымен танымал филиппиндық бокшсы Мэнни Пакьяо боксқа қайтып келудің себебін айтты. Оның сөзіне қарағанда, бұл шешімге жерлесіміз Геннадий Головкиннің соңғы жекпе-жегі түрткі болды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізі, мен бокста болып жатқан басқа бір жекпе-жектерді көп көре бермеймін. Осы жолы сол ұстанымымды өзгертіп, GGG мен Брук арасындағы жекпе-жекті көріп шықтым. Сол кезде іштей қамығып, бір түрлі жалғыздық сезімі пайда болды. Мен білемін, қазірдің өзінде жылдамдығым жақсы, соққым да жаман емес. Боксқа қайтып келуге ниет те бар. Осыдан кейін «Жұдырықтасуды неге жалғастырмасқа?» деп өз-өзіме сұрақ қойдым», - деді М.Пакьяо DailyMail газетіне берген сұxбатында.

Оның сөзіне қарағанда, Головкин-Брук жекпе-жегін көргенде екіұдай сезімде болды. «Ол жекпе-жек мені түртіп жібергендей болды. Дәл сол кезде мен боксқа қайтып келуге шешім қабылдадым», - дейді Пакмэн.

Соңғы жаңалықтар