Головкин белбеулерімен фотосессия жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) Санта-Моникадағы (АҚШ, Калифорния штаты) Wild Card West бокс клубында өткен фотосессияға қатысты, деп хабарлайды Sports.kz GGG-дің ВКонтактедегі ресми тобына сілтеме жасап. 

Қазақстандық боксшы өзінің барлық белбеулерімен суретке түсті.

Еске салайық, 5 мамырда Головкин чемпиондық титулдарын жиырмасыншы рет қорғап, олардың саны бойынша аты аңызға айналған Бернард Хопкинспен тең түсті. Геннадий осы көрсеткішке қол жеткізу үшін америкалыққа қарағанда, екі жыл аз уақыт жұмсаған: GGG 2010-2018 жылдары титулдық қорғау өткізді, Хопкинс - 1995-тен 2005 жылға дейін.

Головкин өзінің соңғы айқасында америкалық Ванес Мартиросянды (36-4-1, 21 КО) екінші раунда нокаутқа жіберді. Бұл Геннадийдің кәсіби мансабындағы 34-ші уақытынан бұрын аяқталған жеңісі болды.

Соңғы жаңалықтар