Головкин айырылған IBF белдігіне кімдер таласады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингіндегі бірінші және үшінші орындағы украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) мен америкалық Дэниел Джэйкобстың (34-2, 29 КО) арасындағы орта салмақтағы бос титулды ойнату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

IBF қазақстандық Геннадий Головкинді (38-0-1, 34 КО) міндетті қарсыласы Деревянченкомен жұдырық түйістіруден бас тартқаны үшін титулынан айыру туралы шешім шығарғаны белгілі.

Дүйсенбі күні IBF штаб-пәтерінен Деревянченконың со-промоутері Лу Дибеллаға (DiBella Entertainment) және Джэйкобстың промоутері Эдди Хернге (Matchroom Boxing) жедел келіссөздер жүргізуге ұсыныс түсті. Тараптар 11 шілдеге дейін келіспесе, промоутерлік сауда-саттық белгіленетін болады.

Іс промоутерлік сауда-саттыққа дейін жететін болса, жүлде қоры боксшылар арасында тең бөлінеді.

Айта кетейік, Деревянченко мен Джэйкобстың менеджерлері ғана емес, бапкерлері де бір, олар америкалық Андре Розьенің қарамағында.

Сонымен қатар, Сауль Альвареспен қыркүйекте өтетін кездесуде Джэйкобс мүмкін қарсылас ретінде қарастырылуда. Америкалық боксшыдан өзге, Саульдің командасы Геннадий Головкинмен келіссөз жүргізуді жалғыстырып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар