Головкин әлем чемпионымен бірлесіп жекпе жек өткізуге келісті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин осы санаттағы WBA Super титулының иегері Риото Муратамен бірлесіп жекпе жек өткізу туралы келісті. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ESPN инсайдері Майк Коппинджердің мәліметінше, жұдырықтасуды 28 желтоқсан күні Кобада (Жапония) өткізу жоспарланған. Боксшылар сонымен қатар бұл жекпе жекті өткізу үшін DAZN стримингтік сервистен рұқсат алуы тиіс.

Атап өту керек, екі қарсылас рингке ұзақ уақыт бойы шықпаған. Головкин соңғы рет рингке 2020 жылдың желтоқсанында шығып, онда поляк боксшы Камил Шереметаны сүріндірген еді. Мурата болса, соңғы рет 2019 жылдың желтоқсанында жұдырықтасып, Канада боксшысы Стивен Батлерді жеңген болатын.


Соңғы жаңалықтар