Головкин әлем чемпионы атағын қайтарып алуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс федерациясының (IBO) президенті Эд Ливайн мексикалық Сауль Альварестің Геннадий Головкинмен болған жекпе-жекте жеңімпаз атанғанына қарамастан IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы белдігін ала алмайтындығын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Геннадий Головкин бос тұрған белдік үшін сайысқа шығуы әбден мүмкін, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында сенбі күні Лас-Вегаста орта салмақта WBA (Super), WBC пен IBO белдіктері үшін жекпе-жекте жеңіске жеткен Альварестің чемпион атағын ала алмайтындығы туралы ақпарат тараған болатын.

«Альварес расында да IBO нұсқасы бойынша атақты ала алмайды. Біз онымен санкциялық келісімге келе алмадық. Енді бос тұрған атақ одан үміткер екі спортшы арасында сарапқа салынады. Үмміткерлердің бірі Головкин және ол осы дивизиондағы рейтингте бірінші болады»,-деді Ливайн.

Соңғы жаңалықтар