Головкин Альвареспен үшінші жекпе-жекке дайындалып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес оның DAZN аясындағы алғашқы жекпе-жегі тәжірибелі боксшымен өтетінін айтты. Өйткені Головкин қыркүйекте Сауль Альвареспен (51-1-2, 35 КО) жұдырықтасуға дайындалып жатыр. Бұл туралы vringe.com-ға сілтеме жасап «SPORTINFORM» хабарлайды.

«Бізге тәжірибелі қарсылас керек, өйткені Головкин қыркүйекте Альварес немесе Мунгуйямен кездеседі. Сол үшін ол нағыз бабында болуы керек», - дейді Абель Санчес.

Головкин үшін басты мақсат - Альвареспен үшінші жекпе-жек болып тұр.

«Меніңше, жанкүйерлер де, сарапшылар да үшінші жекпе-жекті көргісі келеді. Өйткені олар Головкин мен Альваресті орта салмақтағы әлемнің үздік боксшылары деп санайды. «Канело» Джейкобстан өтіп, біз маусымда жеңіске жетсек, барлығы да Альварес тарапының еншісінде болады. Олардың үшінші жекпе-жекті қалайтын-қаламайтынын сонда біліп аламыз», - дейді Санчес.

«Бірақ тек «Канело» емес, басқа боксшылар да бар. Мәселе тек чемпиондық белбеулердің болуында ғана емес, жекпе-жек те елді қызықтыратындай болуы керек», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар