Головкин Альвареспен үшінші айқасы өтетін Лас-Вегас қаласына келді

None
ЛАС-ВЕГАС. ҚазАқпарат - WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз командасымен бірге Лас-Вегасқа келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Вегастамыз. Жекпе-жек аптасына дайынбыз», - деп жазды Г.Головкин Facebook-тегі жеке парақшасында.

Еске салайық, 17 қыркүйек күні Лас-Вегаста Головкин Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жегін өткізеді. Олар екінші орта салмақтағы әлем чемпионының барлық титулы үшін таласады.

Қазақстан уақыты бойынша кездесу 18 қыркүйек күні таңғы сағат 05.00-де басталады. Басты шешуші айқас шамамен сағат 8:00-де болады. Елімізде тікелей трансляцияны «Qazsport» телеарнасы жүргізеді.


Фото: instagram.com/gggboxing


Соңғы жаңалықтар