+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Головкин-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуді қалаймын - Сондерс

2017 жылғы 16 мамыр 10:10
Бөлісіңіз:
Головкин-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуді қалаймын - Сондерс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алайда ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) алдымен 8 шілде күні өтетін жекпе-жекте WBO белбеуін қорғап шығуы тиіс. Аталған белбеудің міндетті үміткері - грузин Автандил Хурцидзе (32-2-2, 22 КО), деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондерс қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге жетіспейтін WBO атағын осымен екінші рет қорғамақшы. Осыдан екі жыл бұрын ол ирландиялық Энди Лиге қарсы жекпе-жекте өз жетістігін дәлелдеген болатын. Ағымдағы жылдың маусым айында Сондерс GGG-мен жұдырықтасады деген жоспар болған. Алайда Головкиннің командасы Альваресті таңдады. Уақыт та тығыз болды. Енді, Билли Джо Сондерс грузин боксшысына қарсы шығып, WBO титулын тағы бір рет қорғап көрмекші.

«Мен алдын ала болжам жасай алмаймын. Дегенмен, менің алдағы мақсатым - жылдың аяғына дейін GGG-мен, я болмаса, «Канеломен кездесу», - дейді Сондерс. Билли грузин Автандил Хурцидзені жеңетініне сенімді.

«Оның бұлшық еттерін алып тастайтын болса, онда таза жартылай жеңіл салмақ шыға келеді. Меніңше, америкалық бапкерлер оған бұлшық еттерін өсіріп беруге көмектесті. Олардың қандай екенін бәріміз де жақсы білеміз. Рингкте ол менің көлеңкемнің артынан жүгіріп, джебпен таяқ жейтін болады деп ойлаймын. Сосын мен өзіме артылған міндетті орындаймын. Хурцидзе қазір 37-де. Мен оны жеңе алмасам, бокстан кетуім керек. Головкин мен «Канелоны» да ұмытуға тура келеді. Үш жылдан кейін Хурцидзе 40-қа келеді. Менің жеті жасар ұлым одан жақсы бокстасады. Шын айтамын», - деді Сондерс 8 шілде күнгі жекпе-жекке арналған баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, Головкин-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) кездесуі әбден мүмкін. Ол жайында ұлыбританиялық боксшының промоутері Фрэнк Уоррен де айтып отыр.

GGG-дің промоутері Том Леффлердің айтуынша, Головкин соңғы белбеуді жеңіп, абсолютті чемпион атанғанды қалайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT