Головкин - Альварес жекпе-жегін 2020 жылға жоспарлап отырмыз - DAZN

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - DAZN стриминг платформасының өкілі Джо Марковски мексикалық боксшы Сауль Альварестің (52-1-2, 35 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жекке қатысты позициясын түсіндірді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Канелоның» ойынша, ол Головкинді екі рет тізе бүктірді. Сондықтан Альварес Сергей Ковалевпен жұдырықтасып, өзін тағы бір сынап көрмекші. Дегенмен, көптеген жанкүйерлер «Канело» - Головкин айқасын тағатсыздана күтіп жүр. Егер Альварес Ковалевті жеңсе, Головкинмен үшінші жекпе-жек туралы келіссөз қайта жандануы мүмкін. Біз ол кездесу 2020 жылы өтеді деп жоспарлап отырмыз», - деді Марковски.

Бұған дейін «Канело» Головкинмен текетірес осымен біткенін, үшінші жекпе-жекті қаржылық тұрғыда ғана қарастыруға болатынын айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар