Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 24 °С
Алматы: 30 °С
USD 341.18 EUR 392.97
RUB 5.34 CNY 52.50
Жаңалықтар

Головкин-Альварес жекпе-жегі үлкен шоу - Мырзағали Айтжанов

2017 жылғы 17 қыркүйек 14:15 2142
Бөлісіңіз:
Головкин-Альварес жекпе-жегі үлкен шоу - Мырзағали Айтжанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегіне байланысты ҚазАқпарат тілшісіне шағын сұхбат берді.

- Мырзағали Құланұлы, бүгін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің бокс кешінде кім басым болды деп ойлайсыз?

 - Мен бұл бокс кешінен Сауль Альварестің  Геннадиймен тең дәрежеде жұдырықтасқанын көрген жоқпын. Жалпы, 12 раундтың 9-ында Геннадий басым түсті. Ал үш раундта ғана Альварес өз мүмкіндігін пайдаланды деп есептеймін.

- Негізі, осы айқастан ногдауын, нокауд күттіңіз бе?

- Бұл екі мықты арасында өткен айқас болғандықтан әу баста, нокауд болмайтыны белгілі болды.  Өз басым 12 раундқа созылатынын алдын ала сездім. Бірақ айқас тең дәрежеде айқас болады деп ойлаған жоқпын.

- Төрешілердің шешімімен келісесіз бе?

- Өз басым келіспеймін. Біздің Гена одан әлде қайда басымырақ болды.

- Төрешілердің бұл шешімінің астарында не бар болуы мүмкін?

- Бұл жай жекпе-жек емес. Үлкен шоу. Сондықтан ұйымдастырушылардың өз ойлары бар. Шоуды ұйымдастырушылардың халықты қайтадан қызықтыру, еліктіру сияқты саяси ойыны жатыр. Осы арқылы тағы да үлкен ақша жасау керек болуы әбден мүмкін.

- Алдағы уақытта екі боксшы қайтадан жолығуы мүмкін бе?

- Әбден мүмкін, екі компания қомақты ақшаға келісіп жатса, бәрі де мүмкін. Қазір кәсіпқой бокс тап-таза ақша. Үлкен атыс ойыны. Сондықтан жыл жаңаланбай, қос боксшы қайта жолығып жатса таңқалмаймыз.

- Әңгімеңізге рахмет!

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат