Головкин-Альварес жекпе-жегі болуы мүмкін тағы бір күн аталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) реванш өткізу бойынша келіссөздерді жалғастыруда, деп хабарлайды Sports.kz.

Жарыс өткізілуі ықтимал күн ретінде 5 мамыр аталуда. «Синко де майо» - Мексика тарихындағы атаулы күндердің бірі. Бүл күні, яғни 1862 жылы Мексика әскерлері Пуэбл маңындағы шайқаста жеңіске жетті. Мексикамен қатар бұл мерекені АҚШ-тың оңтүстік штаттарындағы латын америкасы тұрғындары да атап өтеді.

Сондай-ақ Sportsday.com сайтының мәліметтерінше, «Канело» кездесуді 16 қыркүйекке аустыруға келісуі мүмкін. Басылым аталмыш датаның ел үшін орны ерекше екенін жазады. 16 қыркүйек - Мексиканың тәуелсіздік күні.

Айта кетейік, алғашқы Головкин-Альварес кездесуі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен еді.

Соңғы жаңалықтар