Головкин-Альварес реваншында бұрынғы төрешілік қайталанбай ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварестің командасы GGG-ге қарсы реваншты бұрынғы жерде өткізуге мүдделі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Golden Boy Promotion» компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойяның айтуынша, Головкин мен Альварес арасындағы қарымта жекпе-жекті өткізуге «Madison Square Garden» (Нью-Йорк) де, AT&T Stadium (Даллас) де таласып отыр. Алайда Альварестің командасы Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile Arena»-ны қалап отыр. Екі боксшы арасындағы бірінші жекпе-жек сол жерде ұйымдастырылған болатын.

«Madison Square Garden» реваншты өз залында өткізуге қатты құлшынып отыр.  Мигель Котто мен Садам Али арасындағы жекпе-жекті ұйымдастырғанда мен аталған кешеннің иесімен кездескен едім. Ол барлық жағдайды жасап беруге әзір. Мен мерекелерден кейін талқылайық дедім. Алайда Лас-Вегастың басты артықшылығы, ол жерде отельдер көп, ойын-сауық индустриясы да жақсы дамыған. Сосын салық төлеудің қажеті жоқ. Ол жағынан Нью-Йоркте бәрі қымбат. Отельдерде ішкі теледидар да бар (ондайда жекпе-жекке адам аз жиналады, себебі көбісі теледидардан көреді - авт.). Сондықтан Лас-Вегастың орны бөлек. Бұл - бизнес. Мен болсам, өз боксшыма жақсы жағдай жасап, долларды көбірек жинап беретін шараны ұйымдастырып беруім керек», - деді Оскар Де Ла Хойя Forbes-ке берген сұхбатында. 

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен алғашқы жекпе-жекте Головкин мен Альварес тең түскен болатын. Алайда танымал спортшылар мен кәсіби сарапшылар төрешілер шешімімен келіскен жоқ. Бір төреші жеңісті Альвареске (118-110) берсе, екіншісі Головкин (113-115) жеңді деп шешті. Ал үшіншісі 114-114 есебін тіркеді. Әсіресе, 118-110 есебін шығарған Аделаида Бердқа қарсы халықтың наразылығы қатты болды. Дон Трелланың 114-114 есебі де қисынсыз болып шықты.

Бокс саласының шолушысы, танымал ресейлік сарапшы Александр Беленькийдің ойынша, Головкин - Альварес жекпе-жегінде жеңісті мексикалық боксшыға беріп қойған бір төрешінің әділетсіз шешімі  - тамаша ойластырылған жоспар. Онымен Альверестің командасы халықтың көңілін басқа жаққа бұрып жіберді . 

Соңғы жаңалықтар