Головкин-Альварес рематчы Астанадағы «Арбатта» көрсетіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Арбатта» қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің рематчы тікелей эфирден көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Гена, алға! Go GGG! Мұндай ұрандар 16 қыркүйек күні таңертең Қазақстан және одан тыс аймақтарда айтылатын болады!!! Лас-Вегас кімді қонақ еткенін білетін болуы тиіс деп ойлаймын. WBC, WBA (super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы және Қазақстанның мақтан тұтар азаматы Гена GGG мексикалық Сауль Альвареспен екінші жекпе-жегін өткізеді. Бұл кездесуді Арбатта тікелей көрсететін боламыз. Айқасты үлкен экраннан тамашалау үшін Арбаттың жазғы кинотеатрында таңсәріден бастап ыңғайлы орындарды ала берсеңіздер болады. Күздің бұл күні ыстық болатыны күмәнсіз», - деп жазды Фейсбуктегі жеке парақшасында Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек.

Қазақстанда Головкин - Альварес II бокс шоуы 16 қыркүйек күні таңғы сағат 6-да басталады. Оны «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді.  

Сондай-ақ бұған дейін хабарлағанымыздай, Қарағанды қаласының билігі де қос боксшының реваншын қала көшелеріндегі ЛЭД-экрандардан көрсетуді жоспарлап отыр. 

Соңғы жаңалықтар