Головкин-Альварес рематчы: Андеркартта кімдер жұдырықтасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ESPN сарапшысы және журналист Дэн Рафаэль 15 қыркүйекте Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің арасында өтетін бокс кешінің ТВ-андеркатына кімнің қатысуы мүмкін екендігі айтылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

«15 қыркүйек күні Лас Вегастегі T-Mobile аренасында өтетін Головкин-Альварес арасындағы бокс кешіне телевизиялық андеркарт ұйымдастырылып жатыр. Бейсенбі күні Golden Boy Promotions президенті Эрик Гомес ESPN-ге дайындық барысы шамамен 10 күннің ішінде аяқталуы мүмкін екенін айтты», - деп жазды Рафаэль.

Оның айтуынша, Golden Boy екі телевизиялық андеркартты бақылап отырған көрінеді.

Гомес мексикалық Хайме Мунгуйяның (30-0, 25 нокаут) орта салмақ дәрежесіндегі титулын сақтап қалу үшін Zanfer Promotions-пен жұмыс жасайтынын айтты. Мунгуйя өткен сенбіде төрешілердің Лиам Смитке қарсы шешімімен алғаш рет титулын қорғап қалды. Гомес басқа жекпе-жекте орта салмақтағы  экс-чемпион  Давид Лемье (39-4, 33 нокаут) мен Гари «Спайк» О'Салливан (28-2, 20 нокаут) арасындағы айқасқа қатысты жұмыс жасауда. Головкиннің промоутері Том Леффлер тағы бір телевизиялық жекпе-жекті бақылап отыр және ол бұрынғы Р4Р королі, Романның төрт дүркін чемпионы «Чоколатито» Гонсалесті (46-2, 38 нокаут) тартуға ниетті екенін мәлімдеді. Гонсалес аса жеңіл салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін Срисакет Сор Рунгвисаимен өткен жекпе-жектен екі рет жеңіліс тапқаннан кейін рингке қайта келуге тырысып жүр.

Соңғы жаңалықтар