«Головкин-Альварес» бокс кешінде тағы бір қазақстандық өнер көрсетеді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Головкин-Альварес жекпе-жегінің андеркартында қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (18-1, 14КО) өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, 27 жастағы Әли Ахмедовтің қарсыласы – Америка өкілі Габриэль Росадо (26-15-1, 15КО).

Боксшылар IBF-тің «суперамерикалық» белдігі және WBC Silver-дің супер орта салмақтағы титулы үшін бақ таластырады.

Жекпе-жек алдында Ахмедов пен Росадо дәстүрлі көз арбасу рәсімін өткізді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Головкин мен Альварес Лас-Вегаста жекпе-жек алдындағы соңғы баспасөз мәслихатына қатысып, дәстүрлі көз арбасу рәсімін өткізді.

Еске салайық, Головкин-Альварес жекпе-жегі 18 қыркүйек күні (астана уақытымен) Лас-Вегастың (США) T-Mobile Arena кешенінде өтеді.

Қазақстандықтар бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирден көре алады. Басталуы – 18 қыркүйек, сағат 05:00. Басты айқас шамамен 08.00-де басталады.


Фото: instagram.com/ali_akhmedov_officialpage



Соңғы жаңалықтар