Головкин - Альварес айқасының шарттары аталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ESPN тілшісі Дэн Рафаэль Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегінің параметрлерін айтып берді.

«Рингтің өлшемі - стандартты: 20×20 фут (6,1 шаршы метр). Жеңіліс тапқан жағдайда «Канелода» қарымта кездесуге мүмкіндік болады, Головкинде - жоқ. Салмақ - 160 фунт. Сондай-ақ боксшылар VADA-ның допинг-тестісінен өтеді», - деді Рафаэль.

Айта кетейік, WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасы бойынша төрт бірдей белбеудің иегері, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин және мексикалық Сауль «Канело» Альварестің арасындағы жекпе-жек ағымдағы жылы 16 қыркүйекте өтеді . Бұған дейін Головкиннің маусым айында ұлыбританиялық Билли Джо Сондерспен айқасуы күтілген еді. Алайда қазақстандық боксшының командасы аталған жекпе-жектен бас тартты. 

Головкин - Альварес жекпе-жегіне жанкүйерлердің рекордтық саны жиналады деген болжам бар . Осы жекпе-жектің жеңімпазы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) кездесуі әбден мүмкін. Ол жайында ұлыбританиялық боксшының промоутері Фрэнк Уоррен де айтып отыр . 

Boxingnews24.com сайтының журналисі Дэн Эмброузтың ойынша, Головкинге «сарыбас» мексикалық жұлдызды нокаутпен жеңу керек. Егер бұл айқас та нокаутпен аяқталса, GGG кәсіби бокстың ғана емес, PPV рейтингі шыңына да шыға алады . 

Бүгінде әлемдегі ең ірі ареналар Головкин-Альварес жекпе-жегін өз алаңдарында өткізуге ниет танытып отыр. Олар Лас-Вегастағы T-Mobile Arena, Далластағы AT&T Stadium және Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасы, кейін бұл тізімге «Уэмбли» (Лондон), «Стэйплс-центр» (Лос-Анджелес) және «Ацтека» (Мехико) стадиондары қосылды. 

Соңғы жаңалықтар