Головкин-Альварес айқасын HBO-дағы қайталаудан қанша адам тамашалаған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ESPN журналисі Дэн Рафаэль Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауля Альварес (49-1-2, 34 КО) жекпе-жегінің HBO арнасындағы қайталауын қанша адам көргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Рафаэльдің айтуынша, телекөрермендердің орташа саны 726 мың адам болса, ең жоғары көрсеткіш 840 мыңға жеткен.

Еске сала кетсек, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең нәтижемен аяқталған болатын. Тараптар реванш өткізу туралы келіссөздер жүргізуде, ол келер жылдың мамырында ұйымдастырылуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар