Головкин - Альварес айқасы нокаутпен аяқталады - Оскар де ла Хойя

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауль Альварестің (49-1-1, 34 КО) промоутері Оскар де ла Хойя Hot 97 радиостанциясының эфирінде Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) алдағы айқасқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бұл тым күшті айқас болады, тартысты сегіз раунды күтілуде. Тоғыз немесе он болуы да мүмкін. GGG «Канелоны» нокаутқа түсіре алады деп ойлаймын. Бірақ «Канелоның» да күші сондай, сондықтан ол да Головкинді нокаутқа жібере алады. Егер ол үлкен бір панч берсе, GGG-ге қайырлы түн тілей алады! Бұл айқастың нокаутпен аяқталатыны айдан анық», - деді Де ла Хойя.

Головкин - Альварес айқасы 16 қыркүйек күні (Қазақстанда - 17 қыркүйекте) Лас-Вегаста өтеді. 

Соңғы жаңалықтар