Головкин 2018 жыл қорытындысы бойынша WBC марапатына ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік боксшылар кеңесі (WBC) өткен жылдың қорытындысы бойынша түрлі номинациядағы жеңімпаздар есімін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Солардың бірін қазақстандық Геннадий Головкин жеңіп алды. Оның мексикалық Сауль Альвареспен өткізген екінші жекпе-жегі 2018 жылдың «Таңдаулы оқиғасы» деп аталды.

Ал «Үздік боксшыға» бірінші ауыр салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Александр Усик лайық деп табылды.

Тайсон Фьюри мен Деонтей Уайлдердің жекпе-жегі «Жыл айқасы» аталымын жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар