Головкин 2004 жылғы Олимпиададағы әділетсіздіктерді есіне алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарында ресейлік Гайдарбек Гайдарбековпен жұдырықтасқан ақтық жекпе-жегіндегі төрешілердің әділетсіздігін еске алды, деп хабарлайдыSports.kz.

«Сол кезде ресейлік ұтты. Шын мәнінде жеңген жоқ, бірақ ұтты. Бәрі дұрыс. Бұл менің тәжірибем, өмірімнің бір кезеңі. Мен мұның қалай жұмыс істейтінін түсінемін», - деп, The Telegraph GGG сөздерінен үзінді келтірді. 

Геннадийдің айтуынша, финалға дейін бәрі белгілі болды. Бұл хабарды оған ресми тұлғалардың бірі жеткізген.  

«Жартылай финалдан кейін маған: «Алтын медаль Қазақстанның бір ғана жігітіне беріледі, түсінесің бе?» деді. Мен: «Жарайды» дедім. Ол сөзін әрі қарай жалғады: «Бірақ саған берілмейді, бірінші орта салмақтағы боксшыға» (Бақтияр Артаевқа - ред.). Мен таң қалдым. Оны әбден сабап тастағаныма сенімдімін. Екінші раундтан кейін қанша ұпай болғаны есімде жоқ. Қазақстандық бапкер тоқтамай ұра беруді айтты, мен «Жақсы, жақсы» деп жауап бердім», - деді Головкин. 

Соңғы жаңалықтар