Голливудтың 24 фильмі қазақ тілінде дубляждалды - Қарин

АСТАНА. ҚазАқпарат - «А» санатындағы Голливудтың 24 фильмі қазақ тіліне дубляждалып, «Qazaqstan» ұлттық арнасында көрсетілген. Әлемдік киноиндустрияның туындылары алдағы уақытта да қазақ тіліне дубляждалып, көрерменге ұсынылмақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Біздің ұлттық арнаның тағы бір үлкен мақтанышы - өзіміздің дубляждық студия. Біз қалыптасқан дәстүр бойынша танымал әлемдік кинохикаяларды өзіміздің аудиториямызға, яғни қазақ тілінде кеңірек таныстырып келе жатырмыз. Бұл жұмысты ары қарай жалғастырамыз. Осы жұмыстың барысында бірнеше Голливуд киносының қазақ тіліндегі нұсқасын көрсететін боламыз», - деді «Қазмедиа» орталығында телеарнаның жоспарымен бөліскен «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин.
Белгілі болғандай, осыған дейін «А» санатындағы Голливудтың 24 фильмі, 10 толық метражды Дисней мультфильмі, 779 анимациялық сериал қазақ тіліне дубляждалған. «Qazaqstan» ұлттық арнасының ұжымы бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра беруге ниеттеніп отыр.
- «Томирис» фильміндегі каскадерлер әлемдегі ең беделді сыйлыққа ие болды
- Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрына жаңа директор тағайындалды
- «Едіге» жыры әлемдік өркениеттің музыкалық мұрасына қосылуы керек
- «Ер Едіге-Ноғайлы дәуірінің жыры» музыкалық альбомы шығарылды
-
Рио-де-Жанейро коронавирусқа байланысты карнавалдан бас тартты
-
Коронавирус жұқтырған Мейрамбек Бесбаев қазақстандықтарды сақ болуға шақырды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам