Голливуд жұлдыздары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақырылды

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2-8 қыркүйекте Ыстықкөлде Шолпан атада өтеді. Бұл туралы Бішкекте баспасөз мәслихатында Қырғызстанның сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қырғызстан сыртқы саясат ведомствосының басшысының сөзінше, ойындардың ашылу салтанатына жеті мемлекет басшысы мен көптеген шет елдердің өкілдері шақырылған.

Сондай-ақ, III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемдік ауқымдағы жұлдыздар, соның ішінде Анджелина Джоли, Джеки Чан және Леонардо Ди Каприо шақырылған. Әзірге олардан жауап келмеген.

Ойындарда жыл өткен сайын қатысушылар саны артып жатыр. 2014 жылы өткен алғашқы ойындарға 19 елден 583 спортшы, 2016 жылы - 62 елден 1200 адам келген. Ұйымдастырушылар үшінші ойындарға 80 елден кем дегенде 3 мыңнан астам қатысушы келеді деп жоспарлап отыр.

2018 жылы спорттық жарыс мына бағыттар бойынша өтеді: ат жарысы, қашықтыққа жүгіру, интеллектуалдық ойындар, садақпен ату, салбурын, күрестер түрлерінен және тағы басқалар.

Соңғы жаңалықтар