Голландияның Лахей қаласында ТҮРКІСОЙ сурет көрмесі ашылады

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - 21-30 қаңтар аралығында Голландия-Түркия дипломатиялық қарым-қатынастарының  400 жылдығына орай Лахей қаласында «ТҮРКІСОЙ сурет көрмесі 2012»   ашылады.

ТҮРКІСОЙ-дың бұдан  бұрын Франция, Германия, Люксембург,  Латвия, Италия және Бельгияда ұйымдастырған көрмесі ТҮРКІСОЙ, UETD Голландия және Голланд-Түрк Мұражайлар бірлігі аясында  ұйымдастырылған болатын.

Көрменің ашылу салтанатына, Ыстамбұл қаласының депутаты және Қаратеңіз Эканомикалық ынтымақтастығы Парламент Ассамблеясы (KEİPA)  Түрік тобы басшысы Ы.Сафи, Түркі тілі бірлестігінің басшысы  Х.Шүкрү Акалын, ТҮРКІСОЙ  ұйымының Бас хатшысы Д.Қасейінов, ЭкоЕуразия басшысы Х.Ерен қатысады деп жоспарланып отыр.

Аталған көрменің басты мақсаты - Түркі дүниесінің өнерін әлемге таныту.

ТҮРКІСОЙ  сурет көрмесінің  ашылу салтанаты ағымдағы жылдың  21 қаңтар күні  Голландия Түрк мұражайында болып,  30 қаңтарға дейін жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар