Голландиялықтар Зеренді аймағын дамытуға атсалыспақ

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Қазақстан Республикасындағы Нидерланды корольдігінің құрметті консулының кеңесшісі Марсель де Морей жұмыс сапарымен Ақмола облысының Зеренді ауданында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сапар аясында қонақтар  Зеренді елді мекеніндегі «Аврора гарден» және «Зерен-Нур» демалу орындарын аралап көріп, туристік қызмет көрсету сапасымен танысты.

«Менің сапарымның басты мақсаты туристік саланы дамытуда серіктес ретінде бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін қарастыру», деді  Марсель де Морей.

Экскурсия кезінде нидерландылық қонақ Зерендінің таза ауасын жұтып, сұлу, тамаша табиғатына тәнті болды.

null 

«Коньки, шаңғы жолы, монша, мұз айдыны, арқан жол және ағаш үйлер бұл біздің елдің халқы үшін қызықты да, тартымды болатыны сөзсіз», деген пікірін білдірді ол.

Сонымен қатар, Зеренді жеріне шетелдік туристерді тартудың бірден бір жолы ретінде осында голландиялық журналистерді шақыртып, өз еліндегі БАҚ арқылы насихаттау туралы ұсынысын да білдірді.

Сапары соңында Марсель де Морей Зеренді ауданының әкімі Мереке Мұстафинмен кездесті. Онда туризмді дамыту екіжақты сауда-экономикалық қатынасы талқыланды.

null 

 Еске сала кетейік, Нидерланды еліміздегі басты инвесторлардың бірінен саналады.  Соңғы 20 жылдың ішінде ел экономикасына барлығы 70 миллиардтан астам инвестиция тартылды. Қазіргі кезде республика аумағында 800-ден астам Қазақстан-Нидерланды біріккен кәсіпорны жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар