Голландиялық қазақ футболшы Мұрат Өнал үйленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голландиялық қазақ футболшы Мұрат Өнал үйленді. Бұл туралы продюсер Нұрмахан Мұқанұлы Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Досым Мұрат Өнал үйленді! Голландияда қазақтар тойлатып жатыр. Нағыз international тойда бірінші рет болуым!», деп жазды Нұрмахан Мұқанұлы. 

Еске сала кетсек, Мұрат Өнал 1987 жылы Түркияда дүниеге келген. Амстердамда тұрды. «Аякс» футбол мектебінің түлегі. Бұрын Бельгия, Голландия және Финляндия клубтарының сапында ойнаған Мұрат Қазақстан футболына қосылған шетелден келген алғашқы қазақ. Ол 2014-2015 жылдары Қазақстанның футболдан бірінші лигасында шымкенттік «Қыран» командасында екі маусым ойнады. Кейіннен Голландия кері қайтып, Топкласс дивизионындағы командалардың бірі «Лиссеге» ауысты. Футболдағы позициясы жартылай қорғаушы болғанымен, шабуылда да жақсы ойнайды.
Шымкентке келген бетінде футболшы журналисттерге: «Қазақ қызына үйленгім келеді, бірақ футбол да маңызды. Сондықтан үй болу мәселесі мен спортты қатар алып жүремін» деп мәлім еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар