Голландиялық астронавт ғарыштан байқамай құтқару қызметіне қоңырау шалған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голландиялық астронавт Андре Кейперс күлкілі оқиға, байқамай 911-ге, яғни америкалық құтқару қызметіне қалай қоңырау шалғаны жайлы айтып берді, деп жазады Newsweek журналы.

Кейперс Хьюстондағы Джонсон ғарыш орталығының 9011 нөміріне байланысқа шығуға әрекеттенген. Бірақ байқамай 911-ге қоңырау шалған. Келесі күні оның электронды поштасына құтқару қызметіне хабарласуына не себеп болғандығын айтуын сұраған хат келген.

Екі рет ғарыштық миссияға қатысқан, ғарышта 203 күн болған Кейперс орбитада ғарыш стансасынан Жермен байланысу өте жеңіл екендігін айтады.

Соңғы жаңалықтар