Голландия портында қазақстандық буксирлер салтанатты түрде суға түсірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбіде Роттердам теңіз портында буксирлерді суға түсірудің салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нидерландтағы ҚР Елшілігіне сілтеме жасап.  

«Caspian Offshore Construction» қазақстандық компаниясының тапсырысымен «De Hoop International Lobith» голландық кеме жасайтын орында жасалған «Райымбек батыр» мен «Наурызбай батыр» буксирлері мұз қататын Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде жүзуге арналған.

nullТеңіз буксирлері қазақстандық байрақпен Роттердам портынан Ресей Федерациясының ішкі су жолдары арқылы Каспий теңізіне, қазақстандық Баутино портына жол тартады.

Голландиялық компания қазақ батырларының атымен аталатын алты теңіз буксирін жасаған, олардың қатарында «Қабанбай батыр», «Қарасай батыр», «Бөгенбай батыр» және «Өтеген батыр» бар.

Теңіз кемелері Каспий теңізінің солтүстік-шығыс секторындағы Прорза түбегі маңайындағы кеме жүзетін арна арқылы «Теңізшевройл» компаниясының үшінші зауытының құрылысына арналған ірі габаритті жүкті тасымалдау үшін пайдаланылады. Аталмыш зауыт - әлемдегі Қазақстанның мұнай өндірісі саласына арналған ірі инфрақұрылымдық құрылыс жобасы, былайша айтқанда, болашақ кеңейту жобасы. Сарапшылардың бағалауынша, құрылыс аяқталған бойда мұнай өндіру 2022 жылдан бастап жылына 10 млн тоннаға артады.

Нидерландтағы Қазақстан елшісі Мағжан Ильясовтың айтуынша, «Caspian Offshore Construction» қазақстандық компаниясының флотын кеңейту Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін дамытуда үлкен рөл атқарады. Теңіз буксирлері және кеме жүзетін арнаны пайдалану арқылы жүк тасымалының уақытша шығынын біршама төмендетуге болады, себебі жоба Ақтау, Баутино және Атырау өзен портына тоқтамай, айналма жолды пайдалануға мүмкіндік береді.

Шараға Нидерландтағы Қазақстан елшілігінен, жоба командасы, сондай-ақ, 60 астам Қазақстан мен Голландия тарапынан серіктес компаниялардың өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар