Golden mango melody awards - Димаштың тағы бір жетістігі

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген «2017 Golden mango melody awards» шарасында «Жылдың үздік танымал əншісі» номинациясы бойынша марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әншінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

null

«Жеңіс! «Golden mango melody awards» марапатында жылдың үздік танымал əншісі атандым. Осының бəрі өздеріңіздің арқаларыңызда, құрметті тыңдарман қауым», - деп жазды Димаш.

Сондай-ақ, отандасымыз Қытайдағы кезекті «D-dynasty» ән кешінің 5 қаңтар күні Фучжоу қаласында өтетінін хабарлады.

Айта кетейік, Димаш ағымдағы жылдың басында Қытайдың «Singer 2017» ән додасында екінші орын жеңіп алып, Қытай және басқа да елдердегі танымалдылығы арта түсті. Сонымен қатар, ол Қытайдың көптеген музыкалық марапаттарын қанжығасына байлады.

Соңғы жаңалықтар