«Гоблин режимі» ағылшын тіліндегі жыл сөзі болып танылды

None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігі нұсқасы бойынша «Гоблин режимі» сленгтік тіркес 2022 жылдың сөзі болып танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Оксфорд университетінің баспасы алғаш рет жыл сөзін дауыс беру арқылы анықтады. Жұртшылыққа сөздікті құрастырушылар ұсынған үш нұсқаның бірін таңдау ұсынылды.

Авторлар сөздің мағынасын «өте өзімшіл, жалқау, салақ немесе ашкөз, бір сөзбен айтқанда әлеуметтік нормаларды елемейтін» көрініс ретінде сипаттаған. Осы таңдалған сөзге екі апта ішінде 300 мыңнан астам адам дауыс берген.

Тіл мамандарының айтуынша, коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген шектеулерді алып тастағаннан кейін де адамдардың қалыпты өмір салтына оралғысы келмеуі бұл терминнің таралуына ықпал етті.

Рейтингте екінші орынды «метаәлем» сөзі тұр. Бұл адамдардың бірнеше канал арқылы бір-бірімен қарым-қатынасының виртуалды кеңістігін білдіреді. Үшінші орында #IStandWith («менқолдаймын») хэштегі тұр.

Фото: bernardojorge.adv.b


Соңғы жаңалықтар